«Таңғалмайтын болдым»: Қаптап жүрген жыландар Ақтау тұрғындарының үрейін ұшырды
Ақтау тұрғындарының тынышын жағалауда үймелеген жыландар бұзуда. Видеода автор жол бойынан 16 жыланды байқаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Кетіп бара жатырмыз. Қараңыздаршы, жолда жылан жүр. Кейбірі баласымен жүр. Нешеме жылан көріп келе жатырмыз. Тіпті, таңғалмайтын болдым", - дейді автор.
Ақтау тұрғындары бұл құбылыстың жылда қайталанатыны мен оның себебін жарыса жазуда. "Жағалау жыландардың үйінің үстіне салынған екен. Сондықтан, олар емес "қаптаған", біз "қаптап" кеттік", "Су салқындаған соң көшіп жатыр" десе, өзге желі қолданушылары "Қалай қорықпай жүрсіздер", "Неге бір шара қолданбайды", "Масқара", "Шағып алса, кім жауап береді" деген пікірлерін жазуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram