Домбыра харам ба? - Бас мүфти жауап берді

Oinet.kz 11-10-2023 813

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы домбыра харам ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

ҚМДБ басшысының айтуынша, исламда домбыра және басқа да ұлттық музыкалық аспаптар харам емес. Бас мүфти ҚМДБ ішінде дін мен дәстүр мәселелерін зерттейтін және халық арасында түсіндіру жұмыстарымен айналысатын бөлім бар екенін айтты.

"Біз бірнеше рет Бейбітшілік және келісім сарайында пайғамбарымыздың құрметіне домбыра мен басқа да ұлттық музыкалық аспаптар шырқалған іс-шаралар өткіздік", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұған дейін дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы ұлттық аспап домбыраны харамға теңеген қызға қатысты пікір білдірген еді.

«Таңғалмайтын болдым»: Қаптап жүрген жыландар Ақтау тұрғындарының үрейін ұшырды
Түркістан облысында 5 жасар қыздың өлімі: Қызметінен босатылған сот төрағасы жаңа лауазымға тағайынд
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу