«9 рет»: Түркістан облысында 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды зорлап жүрген

Oinet.kz 10-10-2023 1680

Түркістан облысында 18 жастағы 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды зорлап жүрген. Бұл туралы "НеМолчи" қорының жетекшісі, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі мәлімдеді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Дина Таңсәрінің сөзінше, 2022 жылы басталған. 18 жастағы 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызбен танысып, оны пышақпен қорқытып, зорлап тастаған.

"Қыз қатты қорыққандықтан бұл оқиға жайлы ешкімге айтпаған. 18 жастағы жігіт егер біреуге айтатың болсаң, өз-өзіме қол жұмсаймын, өлер алдында хат жазып, онда сені кінәлі етемін деп қорқытқан. Осылайша, 2023 жылдың шілде айына дейін ол оны 9 рет зорлаған. Қыздың анасы білген кезде, ол Сайрам ауданы полиция бөліміне хабарласқан. Алайда іс әлі созылып, тергеу жалғасып келе жатыр", - деді Дина Таңсәрі.

«Щучинскідегі студенттің өлімі»: Арнайы жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты
«Таңғалмайтын болдым»: Қаптап жүрген жыландар Ақтау тұрғындарының үрейін ұшырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу