Алматыда ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытып, түскен соң дөңгелегін теспек болған (видео)

Oinet.kz 31-08-2023 592

Telegram-арналардың бірінде ер адам автобуста жолаушыларға пышақпен шабуыл жасамақ болғаны туралы ақпарат тарады,  деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Алматыда №135 автобуста болған. 

"Жүйкесі жұқарған ер адам №135 автобустың жолаушыларын пышақпен қорқытып, автобустан түскеннен кейін дөңгелегін тескісі келді", - делінген видеода.

Алматы қаласы Полиция департаменті өкілі видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бұл деректі Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр. Оның кім екені анықталды, оны ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оның әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышта кептеліп қалған (фото)
«Мүлдем өзімнің жеке пәтерім жоқ»: Жаңаөзен әкімі жағдайын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу