Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышта кептеліп қалған (фото)

Oinet.kz 31-08-2023 718

Шымкентте үш жасар баланың қолы электр еттартқышқа кептеліп қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі қаланың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласы Сайрам елді мекеніндегі №3 қалалық ауруханасында ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр еттартқыштан алып шығу үшін бірегей операция жүргізді.

Қалалық ауруханадан "112" құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолы электр еттартқышқа түсіп кеткені туралы хабарлама келді. Дәрігерлер баланың қолын еттартқыштан шығара алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Ата-ананың айтуынша, бала құрылғыны пайдалану кезінде жақын жерде жүрген, салдарынан төтенше жағдай болған.

Құтқарушылар дәрігерлермен бірге операция жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері апаттық-құтқару құралының көмегімен еттартқыш корпусын мұқият кесіп, қолын босату үшін балаға анестезия салған.

Қазір бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінде.

Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қауіпті заттардың жанында қараусыз қалдырмаудың маңыздылығын ескертті.

Screenshot_4.jpg

Қостанайдағы алаңда ток соққан қыздың жағдайын білу үшін Астанадан мамандар барады
Алматыда ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытып, түскен соң дөңгелегін теспек болған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу