Қостанайдағы алаңда ток соққан қыздың жағдайын білу үшін Астанадан мамандар барады
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Қостанай облысында алаңда ток соғып, зардап шеккен қыздың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаға медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша алған жарақатын, баланың жай-күйін, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмектің талап етілетін көлемін ескере отырып, бала Қостанай облысының облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлайды. Күн сайын "University Medical Center" КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандарымен телемедициналық консультациялар өткізіледі. Қарқынды терапия тактикасы келісілді, жағдайдың ауырлығына және тасымалдауға қарсы көрсетілімдерге байланысты жергілікті жерде емдеуді жалғастыру туралы ұсыныстар берілді", - дейді ДСМ өкілдері.
29 тамызда Астана қаласының Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығымен және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен телемедицина өткізілді.
"2023 жылдың 30 тамызында республикалық мамандардың Астанадан (реаниматолог, нейрохирург) күндізгі консультация және баланың жағдайын бағалау үшін ұшып баруы жоспарланып отыр", - деп толықтырды ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында алаңда көпіршік шашылып, кәмелетке толмаған қызды ток соққанын хабарлаған болатынбыз.
Бұл дерекке қатысты Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. ПД мәліметінше, көпіршік кешінде кәмелетке толмаған баланы ток соққан.
"Полиция бұл дерек бойынша соталды тергеуді бастады. 25 тамызда Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қызды ток соққан. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілді. Кәмелетке толмаған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген Полиция департаментінің Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.
Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүріп жатқанын, қажет сараптама тағайындалғанын атап өтті.