Түркістан: Соғыстың соңғы сардары өз таңдауын жасады

Oinet.kz 19-03-2023 484

Screenshot_2.jpg

Ұлы Отан соғысының ардагері ордабасылық Мұратов Қаламен ақсақал үйінде отырып, ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады. 

Бұл үшін комиссия мүшелері арнайы жылжымалы жәшікпен қарияның тұрғылықты мекен-жайына барып, дауыс беруіне қолайлы жағдай жасады. Қария дауыс беріп, ақ батасын берді.

- Қазақстанымыз бейбітшілік жайлаған ел болсын. Елдің ынтымағы бұзылмасын. Халқымыздан құт қашпасын. Ұрпағымыз ұлағатты болып, мемлекетіміз үшін адал тер төгіп, ұлтына қызмет қыла берсін, - деді ақсақал.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда
Сайлаудың сәні – ұлттық киім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу