Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
2023 жылғы 15 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері өтті.
Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттырын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі.
Астанада денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және үлкен деректерді енгізу жобаларымен табысты жұмыс істеп келе жатқан барлық Зияткерлік және жалпы білім беретін орта мектептердің жас ғалымдары жиналды.
Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары 3D-биопринтингке, ақылды протездер мен биоинтерфейстерді жасауға және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады.
– Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың бастамасымен жүзеге асқан Наурыз кездесулерінің тарихи маңызы зор, себебі елімізде жас ғалымдардың бірегей алаңы пайда болды. Бірнеше жылдан кейін біз әлемдік жаңалықтар авторлары мен Нобель сыйлығының лауреаттарының арасынан бүгінгі қатысушылардың есімдерін еститінімізге сенімдімін, – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Наурыз кездесулері Назарбаев Университетінің Медицина мектебі және Инженерия мен цифрлық технологиялар мектебі, «University Medical Center» корпоративтік қоры Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасымен серіктестікте өтті.
Пленарлық және панельдік отырыстарда дүниежүзіне жетістіктерімен танылған Массимо Пиньятелли, Атакан Варол, Дастан Рүстемов, Айгүл Сәдуақасова, Сиамак Фазли мен басқа да отандық және шетелдік ғалымдар баяндамаларын ұсынады деп жоспарланған.
Наурыз кездесулерінің қатысушылары үшін ауқымды танымдық және мәдени бағдарламалар дайындалды: елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің «NIS Engineering» техноториясында робототехника және дизайндық ойлау бойынша мастер-кластар, көктем мерекесіне орай «Құрманғазының әйгілі бес күйі» мен «100 ән» атты шығармашылық сағаттар, «Наурыз тартуы» концерттік бағдарламасы, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінен түрлі сабақтар, сондай-ақ Ұлттық музей мен астаналық театрларға экскурсиялар.