Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Oinet.kz 10-03-2023 349

Screenshot_2.jpg

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының үкімімен сотталды. 

"М.Бектанов Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы үкімі бойынша сотталды, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды". 

Істің құпия түрде қаралғанына байланысты бұдан басқа мәлімет жоқ.

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі қызметіне 2021 жылдың тамызында тағайындалған болатын.  Қаңтар оқиғасынан кейін ол лауазымынан босатылды. 2022 жылдың ақпанында ол Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытты деген айыптар бойынша қамауға алынған болатын.

Қаныбековке арандатушылық жасалды ма? Оның кандидатурасы қалпына келтірілді
«7 минут қалды, шыда»: Рудныйда оқушыны әжетханаға жібермеген мұғалім қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу