Қаныбековке арандатушылық жасалды ма? Оның кандидатурасы қалпына келтірілді

Oinet.kz 11-03-2023 812

Screenshot_1.jpg

Мәжіліс сайлауына Шымкенттегі №6 округтен түскен, өткен аптада декларациясынан шикілік шықты деген негізбен үміткерлер қатарынан шығып қалған Сәкен Қаныбековтің кандидаттық мәртебесі қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы үміткердің өзі фейсбуктегі парақшасында жазды.

- Бүгін, Маған сенім артқан халқымның арқасында - әділдіктің туын көтеріп ҚР Параламенті мәжілісі депутаттығына кандидат лауазымына қайта қол жеткіздім. Яғни, арандатушылықтан болған келеңсіздіктерді еңсеріп, халықтың қамын жасауға қайта кірісемін. Осы орайда мені қолдаған барша адал азаматтарға алғыс білдіргім келеді. 

Алдағы 19- наурыз күні өтетін сайлауда Шымкент қаласынан Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер ретінде додаға түсіп, ел үмітін ақтамақ ниетіндемін, -деп жазған Сәкен Қаныбеков. 

Ақпарат құралдарына берген сұхбатына қарағанда, С.Қаныбеков үміткерлер қатарынан 3 наурызда шығарылған. Бірақ бұл шешіммен келіспеген ол сотқа шағымданған. Сот оның шағымын қанағаттандырып, кандидаттығын қалпына келтірген. 

Жалпы Шымкенттен Мәжіліске жеке мандат бойынша екі депутат сайлануы тиіс. Бұған дейін №6 округтен -9 кандидат, №7 округтен -7 кандидат тіркелген болатын.

32 жастағы әйел перзентханаға үш-ақ рет барып, жеті баланың анасы атанған
Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу