Ұлдары әкелерінің денесін көтеріп түсуге ерініп балконнан лақтырып жібермек болды

Oinet.kz 06-01-2023 14492

Қыз туа береді деп үшінші қызын туған келінді төркінге апарып тастаған семьяны да көргем. Кейінгі алған келіні де қыз туды және жазылмас дерті бар боп шықты ол нәрестенің. 

Screenshot_1.jpg

Алты қыздан соң Құдайдан сұрап алған ұлы өтірікші, ұрлықшы атанып, жер суға сыймай, әке шешесінің жиған тергенін бытшыт қылған жігітті де білем. 

Тоғыз ұлы бар адам кемпірі кеткен соң жалғыз қыздың қолына барып тұрған. Сол аядай екі бөлмеде жатып жан тапсырды сол кісі. Ал джип пен коттедждеріне бастары айналған ұлдары әкелерін жерлеуге келгенде, бесінші этаждан көтеруге ауырсынып, балконнан лақтыра салайық дегенді де көргем. 

Әкесінен қалған бай мұра-кітап, жазу, небір құнды рухани дүниелерді төрт бес ұлы бар атаның заттарын сарайға керексіз етіп шығарып тастаған ұлдарды да білем. Шығарған келіндер. Үндемеген ұлдар. Хан сарайдай үйдің бір бұрышына сыймаған ғой, әттең. 

Қызық пен рахатты ұлдан көресің бе, қыздан ба, бір Алла біледі. 

Так что, шүмек те болсын, етек те болсын. Бөліп жармай, кемсітпей, барымызға риза болайық. Қызы қарамай қойыпты дегенді естімейміз ғой, осы.  Ал ұлдары қарамай қойыпты дегенді жиі естиміз.

Зарина Москаудың Facebook парақшасынан

Шымкентте мұғалімді жұмысқа алу үшін 800 мың пара алған адам ұсталды
Сайлау - жаңа саяси кезеңнің бастауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу