Министр Қазақстанда қандай адамдар обырға жиі шалдығатынын айтты

Oinet.kz 01-03-2023 917

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Оның айтуынша әйел адамдар обырға көп шалдығады. Айтуынша, қатерлі ісік ауруларының көшін сүт безі обыры бастап тұр. 

Screenshot_5.jpg

"Аурушаңдықтың құрылымын қарасақ: бірінші орында – сүт безі обыры (13,2%), екінші орында – өкпе обыры (10%), үшінші орында – колоректалдық обыр (9,3%) тұр. Жыл сайын елде обырдан 13 мыңнан астам адам қайтыс болады. Өлім құрылымында бірінші орында өкпе обыры (16,3%), екінші орында – асқазан обыры (12%), үшінші орында – тоқ ішек обыры (10,6%)", - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Танымал көріпкел келесі жер сілкінісі қай жерде болатынын айтты
«AMANAT»: Коллективу театра презентовали предвыборную программу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу