Танымал көріпкел келесі жер сілкінісі қай жерде болатынын айтты
Өткен жыл бізді қазіргі сәтпен өмір сүруге үйретті және жағдай кез келген уақытта түбегейлі өзгеруі мүмкін екенін көрсетті. Қазір өзгерістерге жылдам бейімделу маңызды. Жаңа әлем қандай болмақ? Бұл сұрақ көпшілікті мазалайды. Астролог, таролог және көріпкелдер болжам жасап жатады. Айтыына есімді якутиялық көріпкел Woman.ru сайтына 2023 жылға арналған өз болжамын айтты деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өкінішке қарай, 2023 жыл позитивті жағдайларға толы емес. Біріншіден, мен 10 балдық жер сілкінісін көріп тұрмын. Ол, тіпті, бізде - Якутияда болады", - дейді әйел.
Оттек нағыз байлыққа айналады. Көріпкел адамзат таза ауа жетіспеушілігін сезінетінін айтты.
"Адамдар арасында табиғатқа және бір-біріне деген ашу, менменшілдік, өзімшілдік, агрессия көп. Таза ауа тек Якутияда сақталады. Арктиканың, Солтүстіктің табиғаты бұрыннан барлық планетаға таза ауа беріп тұрды, бірақ бұл ресурс та бітеді", - деп түсіндірді Айтыына.