«Қазақ қызын алмаймыз»: Шешен жігіті кәмелетке толмаған қызға бала туғызып, баласын тартып алды

Oinet.kz 01-03-2023 5246

Шешен жігіті кәмелетке толмаған қазақ қызына бала туғызып, баланы Грозныйға алып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Шешенстан жігіті қазақ қызын баласыз қалдырып отыр. 3 айға алып кетіп, 12 айдан бері баланы қайтара алмай жүр. 

Ботагөз Гәбілбаева есімде ана немересі үшін қатты алаңдап, бағдарламадан көмек сұрап келген. 

- Балаңды жақсы көресің. Немерені одан қатты жақсы көресің деген рас екен. Қанша уақыттан бері баланы ала алмай отырмыз. О баста, қызым кәмелетке толмай тұрып, шешен жігітпен жақындасып қойған екен. Біз оны ауруханаға қызым түскен соң ғана білдік. Қызым шешен жігітін сүйіп қалғанын айтты. Содан шешен жігітпен сөйлесіп, танысып, үйленулерін айттым. Бірақ, құдалар қазақ қызын алмаймыз деді. Уақыт өте, құдалар келіп екі бала үйленді. Бірақ, менің қолымда тұрды. Кейін күйеу бала Мәскеуге жұмысқа кетті. Қызыммен екеуі айырылысты. немеремді Шешенстанға құдамның өтініп сұрауымен араласу үшін жібердім. Олар енді немеремді беретін ойлары жоқ, деді. 

Әлиям Мұхамедиева Грузияда казинода жұмыс істеген.  

- Қызым не менде емес, не әкесінде емес. Күйеуім өзінің ағасына қызымызды беріп тастаған. Менімен хабар-ошарсыз қалдырып отыр. Өзінің ағасы мен жеңгесінің балалары жоқ болған соң, қызымды солардың қолында қалдырып отыр, дейді. 

Қазір Грозныйда жүрген 6 жасар Әмина: 

- Анама барғым келмейді. Қазақстанда тұрғым келмейді. Осында ас үй үлкен. Ойыншықтар көп, дейді видеода. 

Психолог Рауана Сағадиева: 

- Балаға тәттілер беріп, басынан сипаса тез көнеді. Анасының қасында бір жыл көрмеген әсер етіп тұр. Біз сенің анаңбыз, әкеңбіз деп басымдылық жасаған. Біздегі жағдайға сенің анаң бере алмайды, деп нақты кесіп айтты. 

- Баланың пікірі есепке алынады. Баланың бейімделуі әсер етіп тұр, дейді адвокат Мейірман мырза. 

Бағдарлама барысында, Әлияның күйеуіне қоңырау шалынады. Бірақ, ол қашқақтап, "уақытым жоқ, сөйлесе аламймын", деп тұтқаны қоя салды. 

Тараздық оқушы өрт кезінде адамдарды құтқаратын робот ойлап тапты
Танымал көріпкел келесі жер сілкінісі қай жерде болатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу