Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыз 53 жастағы көршісінен жүкті болып қалған

Oinet.kz 23-02-2023 7636

Алматы облысы Междуреченское ауылында 15 жастағы қызға 53 жастағы көршісі жыныстық зорлық жасаған, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап жазды.

Screenshot_7.jpg

Қыздың анасының сөзінше, болашақ немересінің әкесі бір көшенің бойында тұратын көршісі. Қызды көршісі үйіне шақырып алып, үй шаруасын жасататын көрінеді. Қайта-қайта шақырып жүріп етегін түруге дейін жеткен.

«Мен бұлай боларын білген жоқпын. Әйтпесе қызымды жібермейтін едім ол үйге. Ол үйдің малы көп. Мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы уақытта малдарын шетінен сатып жатқанын байқадым», — дейді жасөспірімнің анасы.

Күтпеген жерден 53 жастағы көршісінің қайынатасына айналған қыздың әкесі ер адамның әрекетіне айтарға сөз таппай, тіпті пышақ ала жүгірген тәрізді, әйелі әрең тоқтатқан.

«Маған қайта-қайта мотор алып бергісі келетінін айтты. Өз ағайын-туысқаным олай айтпайды. Көршімнің осылай дегеніне таң қалып едім. Артында мынадай арам пиғылының барын кім білген», — дейді әкесі.

Шымкенттік кәсіпкерлердің салық органдарына қатысты шағымдары жиілеген
Заңғар Нұртас келіншегі Жібекпен ажырасқанын мойындап, ол туралы айты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу