Шымкенттік кәсіпкерлердің салық органдарына қатысты шағымдары жиілеген

Oinet.kz 23-02-2023 341

Screenshot_4.jpg

Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесті.

Іс-шарада кәсіпкерлерге түрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жұмыстар талқыланды.

Ж.Жұмабаевтың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлердің мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетіне қатысты шағымдары жиілеген. Қалалық Антикорға жүгінген кәсіпкерлер Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері дәлелдерін тыңдамай, ұсынған құжаттарды қарамайтындығына назарылықтарын білдірген.

«Бизнес өкілдері фискалдық органдар қызметкерлерінің «бұзушылықтар» деп санайтын әрекеттеріне назар аударуды сұрауда.  Сіздер берген бағамен кәсіпкерлер келіспей, наразылықтарын білдіруде. Және де көбіне жағдайларды егжей-тегжейлі қарастырған кезде кәсіпкерлердің пікірі расталуда» - деп атап өтті спикер.

Департамент өкілі мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге,  кәсіпкерлердің мәселесіне жауапкершілікпен қарауға, бизнеспен ашық диалогқа және оларды тыңдауға шақырды.

Түркістанда Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай «Даңқ» залы ашылды
Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыз 53 жастағы көршісінен жүкті болып қалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу