Дәулет Тұрлыханов ұлын қорғамайтынын, заңмен жазаланатынын айтты

Oinet.kz 15-02-2023 2499

Алматыда екі адамды соққыған ұлының әрекетінен кейін Мәжіліс депутаттағына үміткер Дәулет Тұрлыханов кешірім сұрады.

Screenshot_1.jpg

Бұған дейін Алматыда адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновты белгілі балуанның ұлы Нұрасыл соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған еді. осыдан кейін Мәжіліс депутаттығына Астана қаласынан үміткер болып тіркелген Дәулет Тұрлыханов әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады. 

"Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын", - деп жазды Дәулет Тұрлыханов. 

«Байтақтың» 18 үміткерден тұратын партиялық тізімі тіркелді
Шымкентте ер адам пәтер иесінің ұлын пышақтаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу