Шымкентте ер адам пәтер иесінің ұлын пышақтаған

Oinet.kz 16-02-2023 910

Шымкентте жалдамалы баспанада тұратын 52 жастағы ер адам үй иесінің баласына қоқан-лоққы көрсетіп, пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Белгілі болғандай, ер адам жер үйде үй иесінің отбасымен бірге тұрған. Оқиға болған күні ол мас күйінде үй иесінің ұлынан белгілі бір мекенжайға жеткізуді өтінген.

Жолда ер адам дүнкенге тоқтауды сұрап, артынша жас жігіттен анасының қарызын қайтаруды талап ете бастаған. Жәбірленуші қарсылық танытқан сәтте ер кісі қалтасынан ас үй пышағын шығарып, жігіттің кеудесіне сұғып алған, артынша оқиға орнынан қашып кеткен.

Жігіт ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Күдікті қалада ұсталып, «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Дәулет Тұрлыханов ұлын қорғамайтынын, заңмен жазаланатынын айтты
Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобын ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу