Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Шу қаласында күйеуінен зардап шеккен әйел полицияға шағымданудан қорқады. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиғаның мән-жайын Дина Таңсәріге әйелдің туыстары жазып жіберген. Олардың сөзінше, әпкелері жылдар бойы нашақор күйеуінен зорлық-зомбылық көріп отыр.
«Біраз уақыт бойы ол әйеліне қоқан-лоққы көрсетіп, оны үнемі үрейде ұстады. Балаларының көзінше аямай жиі соққыға жығатын. Сондай-ақ ол әйелі адал бола тұра оған «көзіңе шөп салдым» деп мәжбүрлеп мойындатқызатын. Оны аудиоға жазып, зардап шегушінің таныстары мен туыстарына таратқан», - делінген хабарламада.
Күйеуі соңғы рет екі күн қатарынан қол көтерген кезде әйелінің қабырғалары мен бір қолы сынған. Басының бес жерін тігуге тура келіпті. Денесінде көгермеген жері жоқ.
«Нақты не болғаны оның есінде жоқ. Балалардың қорқып, екінші күні үйден қашып шығып, көмек сұрауының арқасында тірі қалды. Ұзақ уақыт бойы күйеуінен қорлық көріп жүрген әйел қорыққандықтан шағым жазудан бас тартқан. Әлі күнге дейін шағымданған емес. Осы мәселеге қоғам көңіл бөліп, Шу қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғағанын қалаймыз. Нашақор күйеуі балаларымен қорқытады», - делінген хабарламада.