Алматыда 29 жасар жігіт массаж салонындағы таныс әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзіне қол салды
Алматы тұрғыны 41 жастағы әйелді өлтіріп, артынша өзіне қол салды. Оқиға қаланың қымбат аудандарының бірінде болды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.KZ порталына сілтеме жасап.
29 жастағы жігіт сұлулық салондарының біріне кіріп, сол жерде отырған таныс әйелін пышақтаған. Ауыр жарақат алған келіншек оқиға орнында жан тапсырыпты. Қолын қанға малған азамат сосын сыртқа шығып суицид жасаған. Жас жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Сұлулық салонының қызметкерлері де мән-жайды айтудан бас тартты. Жантүршігер оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін өзі өлтірудің мән-жайы анықталуда»,- деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.