Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Oinet.kz 16-12-2022 219

Screenshot_2.jpg

Бүгін Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай және ҚР Президентінің «Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін жоспарлы түрде насихаттау туралы» тапсырмасы аясында желтоқсан қатысушыларымен кездесу өткізілді. 

Жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді арттыра отырып, Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, 36 жыл бұрынғы өрімдей жастардың ерлігін бүгінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты ұйымдастырылған басқосу еркін форматта өтті.

Ұлтжандылықтың ерекше үлгісін көрсетіп, ел жастарымен бір сапта тұрып бас көтерген ордабасылық жастар бүгінгі бейбітшілік пен Тәуелсіздіктің қадірін түсініп, ерекше бағалай біледі.

«Кезінде ескерусіз қалғанмен, өз алдымызға ел болғалы мемлекетіміз сіздердің ерліктеріңізді, елдікке ұмтылған асқақ жігерлеріңізді бағалағаны көңіл қуантады. Біз сіздерді бүгінгі таңда батыр деп білеміз, ерліктеріңізге әрқашан құрметпен қараймыз. Отанды, ұлтты сүюдегі махаббаттарыңыз қашан да өскелең ұрпаққа үлгі болып қала бермек» деп тілек айтқан аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл ауданымыздың желтоқсаншыларына аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Привлекательные инвестиционные проекты в сфере туризма представили в Туркестане
«AMANAT»: Депутат келестіктердің мәселесіне зер салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу