Бақылаушы ретінде сайлаудың әділ өткеніне көз жеткіздім
Елімізде Президент сайлауы өтті. Жаңартылған Конституцияға сәйкес Президент екінші мерзімге қайта сайлау құқығынсыз жеті жылға сайланды.
Мен Жетісайдағы қалалық мәдениет үйінде орналасқан №196 учаскеде тәуелсіз бақылаушы болдым. Сайлау учаскелері таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Сайлау комиссиясының мүшелері дайындықты, дауыстарды санауды жауапкершілікпен орындады. Біз бақылаушылар сайлаудың әділ өту барысын қадағаладық.
Таңертең адамдар аз болды, бірақ түстен кейін келушілер саны артты. Сайлау әділ және ашық өтті.
Біз өз таңдауымызды жасай отырып, ауқымды реформалар мен жаңа бастамаларды күтеміз.
Ақбаян ЖАҚЫПОВА,
Түркістан облысының "Ата-аналар қауымдастығының" төрайымы