Дұрыс таңдау! Дұрыс шешім! Дұрыс болашақ!

Oinet.kz 21-11-2022 346

Screenshot_9.jpg

Адамзат өмірінде таңдау мәселесі өте зор орын атқарады. Кез-келген шешімнің, кез-келген таңдаудың негізінде жауапкершілік жатыр. Киімді, тұрғылықты жерді, жұмыс орнын, болашақ жұбайын таңдау – осындай таңдаулардың барлығын біз өзіміз өз қалауымызбен жасаймыз. Басқа тұлғалардың араласуына жол бермейміз. Сондықтан, бүгінгі сайлаудағы таңдау, маңыздылығы жағынан кез-келген жеке өмірлік шешімнен кем түспейді.Болашағымыз бақытқа шаттыққа толы болуын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болғанына қаласақ, сол бағытты ұстанған адамға дауыс беруіміз қажет деп санаймын. Мен өз ұрпағымның келешегі кемел болуы үшін таңдау жасадым. Сайлауға қатысушылардың қарасы көп болды. Тіпті бюллетень алуға кезекке тұрдық десекте болады. Барлығы заң шеңберінде әділ өтті деп ойлаймын. Себебі дауыс беруге барған халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды.

Басымбекова Рахила Адинайқызы,

Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

Жүргізушілер назарына: Нөсер жауын мен тұман түсуде, жолдарда абай болыңыздар!
Сайлау әділ өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу