Жүргізушілер назарына: Нөсер жауын мен тұман түсуде, жолдарда абай болыңыздар!
Ауа-райының қолайсыздығынан болып жатқан жағдайды ескерген Түркістан облысының полицейлері барша жүргізушілерге ескертеді:
«Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары, облыс аумағында тұман мен нөсер жауынның түсуіне байланысты жолда жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз!»
Облыстың кейбір аумақтарында жауын-шашын жиі түсіп, салдарынан маңызды жолдарда көліктердің апатқа ұшырауына әкеп соғуда. Ал тұман жүргізушілердің жолда жүруі мен көру қабілетіне кедергі келтіруде.
Айта кететін жайт, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов облыс аумағындағы 17 ауданның полицейлеріне жүргізушілерді ескертіп, жолдағы апаттың алдын алу, ескертулер жасап, жолдарды патрульдеу бойынша тапсырмалар берді.