​16 мыңнан астам ірі қараның мойнына жарық шағылыстыратын таспа ілінді

Oinet.kz 14-11-2022 696

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды. Осыған байланысты полицейлер төрт түліктің  қатысуымен болатын жол апаттарын болдырмау, алдын алу бағытында жан-жақты рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізіп келеді.

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Асылхан Төрехановтың айтуынша: «Облыс тұрғындарымен жол апатының басты себептері мен оның алдын алу туралы әңгімелесу жүргізілді.  

Учаскелік полиция инспекторларының бастамасымен малдардың қатысуында болатын жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілуді ұсынып, бірқатарына өзіміз тағып көрсеттік. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесінде бүгінгі таңда 16 383 ірі қараның мойнына жарық шағылыстыратын таспа ілінді. 

Таспаның ерекшелігі сол, қараңғы кезде жүргізушілердің көзіне алыстан бірден байқалады. Сондықтан жол апатын болдырмауға бағытталған мұндай шаралар жалғаса береді»-деп атап өтті.

Айта кетсек, 2022 жылдың 10 айында малдарын қараусыз жіберген 5 596 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды және жою қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара көрілді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ыстамбұлдағы жарылыстан Қазақстандықтар жапа шекті ме - СІМ жауап берді
Көршісінің үйіне ұрлыққа түскен ер адам анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу