Ыстамбұлдағы жарылыстан Қазақстандықтар жапа шекті ме - СІМ жауап берді

Oinet.kz 14-11-2022 607

ҚР Ыстамбұлдағы бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Әзірге зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар анықталған жоқ. Ыстамбұлдағы бас консулдық еліміздің азаматтарын сақ болуға және адам көп жиналған жерге көп бармауға шақырды.

13 қараша Ыстамбұлдың басты туристік көшесі – Истиклялда жарылыс болды. Елдің бас прокуратурасы оны террористік акт деп атады.

"Ыстамбұлдағы ҚР бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдарымен және қала әкімдігімен байланыста", –  делінген ҚР сыртқы істері министрлігінің ресми хабарламасында.

Президенттікке кандидаттардың теледебаты өтті
​16 мыңнан астам ірі қараның мойнына жарық шағылыстыратын таспа ілінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу