Сайлауда «AMANAT» атынан 2700-ден астам адам сенімді өкіл қызметін атқарады
Қазақстан Республикасының Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабында сенімді өкілдерге куәліктер тапсырылды. Штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев пен штаб төрағасының орынбасары Қайрат Балабиев сайлауалды жұмыстардың барысын баяндап, атқарылатын жоспардың барысымен таныстырып өтіп, арнайы куәліктерді табыстады.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 919 сайлау учаскесі бар. Онда 1 миллион 165 мың 900 сайлаушы тіркелген. Аталған сайлау учаскелерінде партия атынан 2705 адам сенімді бақылаушы болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі