«AMANAT»: Республика күніне орай партиялық наградалар табысталды

Oinet.kz 23-10-2022 436

Screenshot_4.jpg

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Түркістан облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өткен салтанатты шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты. 

Мереке қарсаңында марапатталған азаматтардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, спорт саласының мамандары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, партияның аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшылары, партия қызметкерлері және түрлі сала өкілдері бар. Жалпы 40 адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды. Қоғамдық-саяси жұмыстарда қажырлы қызмет атқарып, еңбектері еленген азаматтарды Бейсен Дәулетұлы құттықтап, марапаттарды табыстады. 

- Республика күні – айтулы даталардың бірі. Дәл осы күні еліміздің Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған. Бұл шешімге сәйкес егемендігімізді мәлім ететін жеке территориямыз бен азаматтығымыз, мемлекеттік бюджетіміз бен халықаралық қатынастардағы дербестігіміз және мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Жақында Ел Президентінің Жарлығымен бұл күн ұлттық мереке мәртебесіне ие болып, қайта жаңғырды. Осынау мерекелі күн сәтінде сый-құрметке ие болған жандарды шын жүректен құттықтаймын. «AMANAT» партиясы өз кәсібінің білікті мамандарын, еліміздің өркендеуіне, қарыштап дамуына үлес қосқан азаматтарын елеусіз қалдырған емес. Өз салаларыңыздың үздігі атануларыңызға тілектеспін!, – деді Атқарушы хатшы.

Жиын барысында “Белсенді қызметі үшін” партиялық төсбелгісімен марапатталған Төлеби ауданы, “Қаратөбе” мектебінің директоры Елшібек Табылдиев сөз сөйледі. Ол партияның қарапайым мұғалімдерге ерекше назар аударып, марапаттау бастамасы орынды деп ойлайтынын жеткізді. 

- Қарапайым мұғалімнен, ауылдағы спорт жаттықтырушыларына дейін, олардың отанымыздың дамуына қосып жатқан үлесін ескергендеріңізді құптаймын. Өйткені, біз елдің арасында қызмет етеміз. Сіздердің де мақсаттарыңыз айқын. Еңбек адамдарын көрсетіп, насихаттау және қолдау арқылы саяси ұйым жаңаша бағытта жұмыс істеп жатыр. Жақында ғана «AMANAT» партиясының Съезіне қатыстық. Көшбасшы партия екенін көрсетті. Дұрыс шешімдер қабылдады. Беделі артатынына сенемін, - деді Елшібек Өкімбекұлы.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Қазығұртта республика күні аталып өтті
Сайлауда «AMANAT» атынан 2700-ден астам адам сенімді өкіл қызметін атқарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу