Мектеп оқушыларымен кезекті кездесу өткізілді
«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында бүгін Бадам ауылдық округіндегі Ұлағат, Ордабасы, Қажымұқан, А.Шерімқұлов, С.Мұханов, Ақбұлақ, Болашақ және С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен (100-ге жуық) кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аудан прокуроры К.Нәрікбаев бала құқығын сақтау, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шараларын талқылады. Бұған дейін мұндай іс-шара ауданның бірнеше ауылдық округтерінде өткізілген болатын.