Қонаевтың әйелін қорлаған бастықты орнына қойған Заманбек Нұрқаділов...

Oinet.kz 04-10-2020 5050

«Мен ол кезде Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы – Заманбек Нұрқаділовтың кеңесшісі болып қызмет істейтінмін. Зәкең мені шақыртып алып:

- Кеше түнде Дінмұхаммед Қонаев ағамыздың ауласындағы жеке «Волга» автокөлігінің радиосы мен магнитофонын біреулер ұрлап әкетіпті. Ұрылардың түк таппағандай, енді Қонаевқа тиісе бастағанын қарашы. Сондықтан сендерге тапсырма – бір күннің ішінде ол кісіге гараж салып беріңдер», -деді.

Зухра Қонаева.jpg

Мен «Алмаатагорстрой» құрылыс компаниясының директоры Игорь Мильграмды ертіп, гараж салатын орынды белгіледік. Апай-топай қимылдап, бір түнде гараждың басын қарайттық. Келесі күні Дінмұхаммед Қонаев ағамызға Заманбек Нұрқаділов гараждың кілтін апарып берді.

Заманбек ағамыз Димаш Ахметұлына ерекше құрметпен қарайтын.

Бір күні Димекеңнің үйіндегі тоңазытқыш істемей қалыпты. Зухра жеңгеміз «Казторгоборудование» мекемесінің директоры Хохловқа телефон соғып: «Тоңазытқышымызды жөндеп бересіздер ме?»– деп өтініш жасапты. Сонда Хохлов: «Қонаевтың жұбайы болсаң қайтейін. Күйеуіңнің дәурені әлдеқашан өтіп кетті. Енді маған Қонаевтан қарапайым үй сыпырушы әлдеқайда биік» деп, Зухра Шәріпқызының намысына тиетін, одан өзге де ауыр-ауыр сөздер айтыпты. Мұны естігенде, Нұрқаділов орнынан тұрып кетіп, бөлмесінде ары-бері жүрді де, өзіне тез арада Хохловты алып келуді бұйырды. Аз уақыттан соң бөлмесіне кінәлі мысықтай жалтақ-жалтақ қараумен енген Хохловқа Зәкең: «Қонаевтың іскерлігі арқасында Қазақстанда бой көтерген қырық қаланы айтпай-ақ қояйын. Осы Алматы қаласы үшін оның қаншама тер төккенін ұмыту азаматтыққа жата ма?!

Біріншіден, Зухра Шәріпқызынан бөспелік, рухсыздық сөзің үшін кешірім сұрайсың.

Екіншіден, тоңазытқышын бір сағаттың ішінде жөндеп бересің. Бұл тапсырмам орындалмаса, екі сағаттан кейін жұмыстан кетесің. Осы екі талаптың қайсысын орындайсың?» – деп, Хохловқа тесіле қарағанда, ол: «Біріншісін, біріншісін… Оғаш мінезім үшін Зухра Шәріпқызынан да, Сізден де кешірім сұраймын» – деді, басын төмен иіп.»

Заманбек Нұрқаділов.jpg

Димекең өзінің кемел басшыға тән парасатымен, ғажап кішіпейілділігімен және замана ағымына үндесемін деп жіберген кейбір кемшіліктерімен де қоса ескерілуге, ардақталуға тиісті саяси тұлға екені даусыз.

Бауыржан БАЙМҰХАНОВ, 

“Беймар-ойл” компаниясының Бас директоры

Назарбаевтың атын өшірсек, Қытай мен Ресей бізге бас салады...
Түркістан облысының тұрғындарының НАЗАРЫНА!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу