Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, үш адам зардап шекті

Oinet.kz 12-09-2022 605

Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында болған.

«Қаладағы «Балауса» шағынауданында жедел-жәрдем бригадасының көлігі басты жолмен келе жатқан «Toyota Land Cruiser» көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан. Соққы екпінінен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған», - делінген хабарламада.

Жедел жәрдем көлігіндегі екі жолаушы мен «Toyota Land Cruiser» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Нәсиполланың айтуынша, жыл басынан бері тек Атырау қаласының аумағында 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апатынан 95 адам әртүрлі дене жарақатын алса, 7 адам қаза тапқан.

«Жануарлар мен құстардың өлекселері табылды» - Қостанай облысы ветеринария басқармасы
ШҚО-да жылқыны қағып кеткен көлік жүргізушісі мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу