ШҚО-да жылқыны қағып кеткен көлік жүргізушісі мерт болды
11 қыркүйек сағат 02:44 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында «Өскемен-Алматы» тас жолының 18 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 42 жастағы «Lada Granta» маркалы автокөліктің жүргізушісі жылқыны қағып кетіп, оқиға орнында өзі де көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
ШҚО ПД хабарламасына сәйкес жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жүргізуші дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, оның жолаушысы (1954 ж.т. ер адам) түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.