Tele2 және Altel халыққа 10 ГБ тегін таратып жатыр

Oinet.kz 05-09-2022 785

Tele2/Altel мобильді операторы 30 мыңнан астам абонентті арнайы қызметтер пакетімен қамтамасыз етті. Тұрғындар 100 минут, ұялы телефон нөмірлеріне 100 SMS, сондай-ақ 10 ГБ трафикке ие болды, бұл ресурстарды 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап 30 күн бойы қолдануға болады. Теңгерімді мына командалар арқылы тексеруге болады: Tele2 – *123*1*3#, Altel – *807#.

Screenshot_8.jpg

Сонымен қатар, өртті сөндіруге тартылған төтенше жағдайлар қызметінің жұмысына қолдау көрсету мақсатында оларды байланыспен қамту үшін Tele2/Altel операторы  сол аймаққа Базалық станцияны орнатты. Бұл ретте өрт кедергі келтіргендіктен қажетті техниканың жеткізу барысында қиындықтар туындағанын ескерген жөн. Станция Әулиекөл ауданының Новонежинка ауылында қойылды, ол жедел штабтың базасына жақын орналасқан.

Tele2/Altel инженерлері құтқарушыларды байланыс және интернетпен қамтамасыз етіп, ауқымды өрттің салдарын жедел жоюға кірісті. Мәселен, Әулиекөл ауданы Сосновка ауылында елді мекенді коммуникациямен қамтамасыз еткен базалық станцияның  жабдықтарын түгелдей жанып кеткен. Сондай-ақ Диевка ауылында трансмиссияға қатты зақым келген. Қазіргі уақытта оператордың техникалық қызметкерлері зардапты жедел түрде жойып, Базалық станциялардың жұмысын қалпына келтіру бойынша жоспар құруда. 

Ауыл мұғалімдері көп жалақы алады - Оқу-ағарту министрі
Нұржан Қуантайұлы декан болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу