Ауыл мұғалімдері көп жалақы алады - Оқу-ағарту министрі
Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ауыл ұстаздарының қала мұғалімдерінен қарағанда көбірек жалақы алатынын айтты.
“Біріншіден, барлық ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әріптестеріміздің жалақысына қалалық мектепте жұмыс істейтін әріптестерімізбен салыстырғанда қосымша ай сайын 25 пайыз қосылып отырады. Яғни, қалада бір ставкамен жұмыс істейтін мұғалімнен қарағанда ауылда бір ставкамен жұмыс істейтін мұғалім көбірек алады”, – деді министр.