«AMANAT»: Сарыағашта биыл 3 мектеп қолданысқа берілмек
«AMANAT» партиясы Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасы аясындағы жұмыстар тиісті деңгейде атқарылуда. Жоспарға сәйкес Сарыағаш ауданының орталығында 2020 жылдың маусым айында 900 орындық мектептің құрылысы басталған болатын. Қаланың Самал шағын ауданынан бой көтерген білім ұясы биылғы жаңа оқу жылында ашылмақ. Түркістан облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатқан мектепке «Жаңа Арна 2002» ЖШС мердігер мекемесі жауапты.
Аталған аудандағы Әлімтау ауылдық округіне қарасты Тасқұдық елдімекенінен Әл Фараби атындағы №43 мектептің құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. 100 оқушыны қабылдауға қауқарлы ғимараттың құны 514, 773 млн. теңгені құрайды. Құрылысқа жауапты «Сервис-Центр 2007» ЖШС мердігер мекемесі оқу орынын қыркүйек айында табыстайды деп күтілуде.
Сондай-ақ өңірдегі Жылға ауылдық округінің Жылға елдімекенінде өткен жылы тамыз айында «Строительная компания «ШАХ» ЖШС-нің мердігерлігімен 100 орындық мектептің құрылысы басталған. Биылғы жаңа оқу жылында қолданысқа берілетін бастауыш мектеп құрылысынң жалпы құны 408, 265 млн. теңгені құрайды. Дәл осы елдімекендегі С.Сейфуллин атындағы №12 мектепке жоспарға енген қосымшаға сәйкес білім ұясына қосымша 150 орындық оқу корпусының құрылысы жүруде. Жалпы құны 538, 712 млн. теңгені құрайтын оқу корпусы келер жылы ел игілігіне берілмек.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі