Қандаланы улаймыз деп, 4 бала уланып ауруханаға түсті
Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде қандалаға шашылған улы дәріден төрт бала уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
"2022 жылдың 11 шілдесінде химиялық уланудан төрт бала балалар шұғыл медициналық орталығына жатқызылды. Олар токсикология жағдайында ем қабылдауда", - деп хабарланды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Дереккөздің хабарлауынша, оқиға Медеу ауданында орналасқан қонақ үйлердің бірінде болған. Балалар Алматыға жарысқа келген.