Лифтіде күйеуінен оңбай таяқ жеген келіншек ақыры ажырасатын болды

Oinet.kz 19-05-2022 1396

Қазнетті лифтіде өз әйелін соққыға жыққан ер азаматтың әрекеті қоғамның ашуын келтірді. Оқиға 27 наурызда елорда тұрғын үйлерінің бірінде болған. 

Screenshot_10.jpg

Күйеуінен таяқ жеген Аружан Бәйметова республикалық телеарналардың біріне берген сұхбатында Елнұр Бәйметовке 2018 жылы тұрмысқа шыққанын айтады.  Олардың екі баласы бар. Алайда отбасы деген аты ғана, бірге болған жылдарда ұрған, соққан, 20 градус суықта балконға қамап қойған. Көп жағдайда оқиғаларға қызғаныш себеп болады екен. Тараған видеоға да сондай жағдай себеп болған. 

"Сол күнгі соққыдан кейін төрт бірдей сүйегім сынып, миым шайқалды. Оның ата-анасы жанжал үстінен түскенде оны сабырға шақыруға тырысатын. Анасы менімен көп сөйлесетін. Барлық ер осылай ұрады. Мені де, менің әжемді де ұрды деп айтатын. Бұл сөздер маған қалай әсер ете бастағанын да байқамай қалыппын. Қандай жағдай болса да, отбасымды сақтап қалуға тырыстым", - деді ол. 

Аружан Бәйметова жақын күндері заңды түрде ажырасатынын мәлімдеді. 

Конституциялық реформа – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бетбұрыс
«AMANAT»: Депутат қосалқы шаруашылықты қолдауға дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу