Шымкентте дүниеге келген үшемге қызықты есімдер қойылды
Шымкентте бес баланың анасы үшемді дүниеге әкелді. Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды.
Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-ші аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Сәбилердің салмақтары 2000-2470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.
Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.