Кажетта Ахметжанова Ресей мен Украина арасындағы соғыс қашан бітетін айтты
Мәскеуде тұратын белгілі қазақстандық балгер Кажетта (Екатерина) Ахметжанова бұған дейін де Nege.kz порталына екі мәрте арнайы сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қашан аяқталатынын айтты.

– Көріпкел ретінде айтсам, Ресей мен Украина арасындағы соғыс әлі үш жылға созылады. Әзірге бітпейді. Соғыс өрт сияқты лапылдап жанады, қайта басылады. Осылай ауық-ауық қайталана береді.
Бұл кәдімгі от сияқты ғой. Жанады, аздап басылады да, қайта күшіне мінеді. Екі елдің қарым-қатынасы қиын болады. Қазақстаннан да, Ресейден де кәсіби мамандар кетіп жатыр. Кеңес одағы кезінде әскери стратегияны жан-жақты білетін мамандар болған. Қазір осындай кәсібилер жоқ. Сондықтан бұл соғыс кем дегенде үш-төрт жылға созылады, - деді көріпкел.


