Денсаулық сақтау мекемелерін жекешелендіру дұрыс па?

Oinet.kz 17-03-2022 1569

Жекешелендірудің құрығы ауруханалар мен емханаларға да жетті. Шымкентте қазірдің өзінде бірнеше медициналық жеке қолға өтті. Сондай мекемелердің бірінен жуырда шу шықты. Бұл әлеуметтік нысандарды жекешелендіруге қатысты мәселенің әлі де пісіп жетілмегенін көрсететін сияқты. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда, Түркістан облысында да жақында бірқатар медициналық мекемелерді жекешелендіру көзделіп отыр. Мұның ақыры неге апарып соғады? Күні ертең бәрін жекешелендіріп, бармақ тістеп қалмаймыз ба? Бұған көзі ашыө, көірегі ояу азаматтар не пікір қосады? Ең бастысы, ақ халаттылардың өздері не айтады?  

Screenshot_8.jpg

Өткен жылдың басында ұйымдастырылған Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумы барысында Президент Қ.Тоқаев: 

«Бірінші, жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуге тиіс. Өкінішке қарай, бізде инфрақұрылымның негізгі нысандарын тиімсіз жекешелендіру деректері бар. Мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретін орынсыз жекешелендірулерге жол беруге болмайды. Екінші, активтерді жекеге сату бюджетке түсетін салмақты азайтуға септігін тигізуі қажет. Үшінші, жекешелендірудің нақты экономикалық қайтарымы болуы тиіс. Кез келген кәсіпорынды жекешелендіруді оның тиімділігін жақсарту, ұлттық экономикаға қосатын үлесін арттыру деп түсіну керек, – деген болатын.

Жекешелендіру – азаматтардың  және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуы немесе меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекешелендірілген   кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту. Яғни,  нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты. Бұл саясат, біріншіден, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділіктерін арттыру үшін, екіншіден, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласындағы жекешелендіруге қатысты азаматтарды сөзге тартып көріп едік. Әрқайсы өз түйгені мен сараптаған пікірін бөлісті. Қойған сауалымыз мынандай:

1.Медициналық мекемелерді жекешелендіруге көзқарасыңыз қалай?

2.Жекешелендіру қызмет көрсету сапасына қалай әсер етеді?

3.Ауруханалар арасында бәсекелестік орнатудан не пайда бар?

Screenshot_9.jpg

Бақыт Мырзалиев, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері: Денсаулық сақтау мекемелерінің өзіне тән функциясы бар

1. Мемлекет құзырында қалғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі мемлекет тарапынан қолдау көп. Жекеменшікке өткен денсаулық сақтау мекемесінің жұмыс істеу формасы, жүйесі қалай болады? Дәрігерлер мен науқастарға қалай әсер етеді? Денсаулық сақтау мекемелерінің өзіне тән функциясы бар. Ол – бизнестік креативті идеялар алаңы емес. 

2. Бұл туралы жекеменшік емханаларда жұмыс өтілім болса қиналмай жауап берер едім. Алайда жекеменшік орталықтарда қызмет етпедім. 

3. Медициналық көмектің сапасын арттырады.Яғни аппараттар мен қызметкерлердің біліктілігіжаңашылдығын қамтамасыз етеді. Нарықта сұранысы бар тауар өндірісі жақсы. Сол секілді бәсеке барысында барлық жағынан үздік болуға ұмтылыс болады. 

Screenshot_10.jpg

Ғалымжан Қалмұратұлы, Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары: Қарапайым ем алушыны естен шығармауымыз керек

1.Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің жекеменшікке өтуіне қарсымын. Медицина – табысты бизнес. Әрине оның тізгінін ұстап отырған басшының көзімен қарағанда. Дегенмен біз қарапайым ем алушыны естен шығармауымыз керек. 

Медицинаның ұтқырлығы – қолжетімділігінде. Тәні ауырған адамды – бизнестің нысаны ретінде көргенге қарсымын. 

2. Жеке клиникалардың жұмысы ауруды анықтаймыз деген мақсаттағы көптеген анализ түрлеріне бағытталған. Науқастың өмірін сақтауда әр секунд бағалы. Осы қырынан қарағанда көп уақыт жоғалту болуы мүмкін. Медицина қызметкерлері тек науқастың сауығуы туралы ойлауы тиіс.

Емханалар жекеменшікке ауысқанда ем қабылда, қызмет көрсету, анализ тапсыру ақылы болуы ықтимал. Кейде анализ құны тым жоғары болуы мүмкін. Жеке басшы бағаны өзі белгілейді. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін жекеменшікке бергенде тұрғындардың басты уайымы -  мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген тегін медициналық көмектен қағылу. Әрі мемлекеттік басқарудагн шектелген мекемелерде қызметкерлердің еңбек құқығы бұзылу ықтималы жоғары. Жекеменшік үлесі артқан сайын мекемедегі мемлекеттік басқару үлесі әлсірейді. 

3. Ауруханалар арасындағы бәсекелестіктің келіп-кетер пайдасы жоқ. Науқастың ауруының беті қайтса,  денсаулық сақтау саласының жетістігі сол. Әрбір науқас – ем алу үшін келеді. 

Screenshot_11.jpg

Балжан ӨТЕБАЙ, медбике: Әр адам – тек  табыс көзі емес, өмір иесі

1. Жекешелендіруге түбегейлі қарсымын. Байлар мен кедейлер болып өмір сүріп жатқан қоғамда  мемлекеттік медициналық мекемелерге жүгінетін науқастар саны  өте көп. Жекешелендіруді былай қойғанда, 2020жылдан бері келе жатқан медициналық сақтандырудың  өзі  халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Мемлекеттік емес жерде жұмыс істейтін  қарапайым адамдар, зейнеткерлер, түрлі еңбекке жарамсыз жандар мемлекеттік медициналық көмекке мұқтаж. Мемлекеттік медициналық мекемелердің өзінде кейбір қызмет түрлері көрсетілмейтіні рас, алайда солай екен деп  халықты түгел ақылы тексерілуден өтетін жекешелендіру орнатудың   орнына білікті мамандар мен сапалы медициналық құрал жабдықтар алуды, және медициналық сақтандыруды жою керек деп ойлаймын.

Қазақстанның әлеуметтік  жағдайында денсаулық сақтау жүйесін жекешелендіру мемлекет тарапынан бюджетті үнемдейді деп қазір айту оңай. Бірақ бұл медициналық көмек қолжетімділігіне теріс әсер етеді. МӘМС енгізілгелі де көптеген мәселелер туындады. Салдарды көре тұра, себебін зерттемеу – әрекетсіздік. Адам өміріне құрметсіздік.  Ауруханалар мен емханаларды жекешелендірсе, онда өзі де жетіспейтін мыңдаған мамандар көшеде қалады. Миллиондаған қазақстандықтар МӘМС-тің осындай «табысты» қызметі аясында медициналық көмек алмай қалуы мүмкін. Мемлекеттің басты байлығы – адам. Адами капиталды медицинадан бөлек қарауға болмайды. 

2. Бәсекелестіктің арқасында қызмет сапасы артатыны  сөзсіз. Алайда оны тұтынушы халық ол медициналық мекемелерге жетемін дегенше де мәселе. Онсызда ауруы бойын билегенше жүріп алатын халық ендігіде нарықтағы бағаны көріп, демі үзілгенше жүре береді. Не болары белгісіз. Бірақ денсаулық сақтау мекемелері әр адам – тек  табыс көзі емес, өмір иесі екенін естен шығармауы керек. 

3.  Медициналық мекемелерді жекешелендірудің арқасында ең  алдымен халық зардап шегеді. Тіпті халық саны азаюы ықтимал. Себебі құрсақта жатқан нәресте де жүрегі соққан сәттен-ақ қатардағы адамдар іспетті құқыққа ие. Түсік, қатерлі дерттің бастапқы кезеңде анықталуы – маңызға ие. Қазір дәрігердің тек бір қабылдауы – (орташа бағада) 6 мың. Ал элиталы емханаларда бұл баға одан да жоғары. Әр ауруды «қымбат», «арзан» деп бөлгенге келмейді. 

Screenshot_12.jpg

Балнұр ӘБДІХАН, дәрігер-интерн: Мәселеге бір жақты қарауға болмайды

1.Денсаулық сақтау мекемелерінің жекешелендіруінің оң және теріс салдары бар. Мәселеге бір жақты қарауға болмайды.Адамдардың сұранысын қанағаттандыру барысында бәсекелестік пайда болады. Жаңа аппаратттар мен білікті қызметкерлер көбейеді. Тек аппараттар ғана емес сала мамандарының кәсіби білігі жоғары болмаса, бәсекеден ығыстырылады. Жұмыссыздық қаупі жоғары. Дегенмен кез-келген маманның тек емдеу әдісі емес, науқаспен мәмілесі жақсара түседі. Соған сай баға да жоғарылайды. Қалықтың әлеуметтік жағдайы ол бағаны көтеру-көтермесі белгісіз. Әркім қалтасына сай ем алуы ықтимал.   

2.Бәсекелестік артканда ,сапа да міндетті турде жоғарылайды. Жоғары дәрежелі мамандардың біліктілігі одан сайын жоғарылайды. Еңбек нарығында кәсіби мамандар ғана қалады. Бұл әрине ем алушыға қызмет көрсету сапасын арттырушы фактор. Тегін медициналық көмектегі дәрігер еңбекақысы мен ақылы көмектегі еңбекақыда айырмашылық болса, ол дәрігердің жұмысына әсер етеді. 

3.Бәсекелестік – қызмет  көрсету сапасының артуына әсер етеді. Кейде тіпті бәсекелестік арқылы нарықтағы бағаны бақылауда ұстауға болады. 

Сауалнаманы жүргізген Б.БӨРІБЕК

Қазақ қоғамындағы әйелдердің бүгінгі белсенділігі қалай?
«Ағаш сияқты»: Жұрт Қайрат Нұртастың келінінің үй жинағанын сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу