Нығматулин 2 айдан кейін халықтың жағдайы жақсара бастайтынын айтты

Oinet.kz 17-01-2022 12233

Жақында Мәжілістің жалпы отырысында Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин екі айдың ішінде халықтың тұрмысын жақсарту бағдарламасы қабылданатынын айтты деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

- Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанымыздың алдында тұрған негізгі мақсат-міндеттерді белгілеп берді. Ерекше айта кететіні, Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде бұрын болмаған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылатын болды, - деді Мәжіліс төрағасы.

Айтуынша, бұл қор тікелей әлеуметтік саладағы маңызды мәселелерді шешумен айналысады. Сонымен бірге екі айдың ішінде халықтың тұрмысын жақсарту бағдарламасы қабылданады.

- Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларын жүзеге асыру үшін Парламентке, соның ішінде Мәжіліске үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сол себепті біздің депутаттық корпус барлық бастаманы жедел тиісті заңдармен қамтамасыз ету жұмысына кірісті. Бұл жолда «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы», сонымен бірге еліміздің қауіпсіздігін қорғауға, кәсіпкерлікті қолдауға, әсіресе, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамытуға, халықтың табысын арттыруға және білімді күшейтуге ерекше назар аударамыз, - деп түсіндірді Палата төрағасы.

Нығматулин әріптестеріне Үкіметпен бірлесіп, осы жұмыстарды жоғары деңгейде жүзеге асыру керегін айтты.

«Үй алып беріңіздерші. Өскенде қайтарам» - 9 жасар үй-күйсіз бала елді жылатты
Танымал дәстүрлі әнші Айнұр Тұрсынбаеваны сығанға теңеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу