Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Бұл туралы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.
Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды.