Әлем чемпионы көз арбасу рәсімінде Канеломен төбелес себебін айтты

Oinet.kz 23-09-2021 957

IBF нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Калеб Плант WBC, WBA Super және WBO титулдарының иегері мексикалық Сауль Канело Альвареспен болған төбелестін жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

image.png

Оқиға 6 қарашада абсолютті чемпион атағы үшін өтетін жекпе-жек кешіне арналған баспасөз мәслихатында болды. 

Канелоның айтуынша, мұның бәрі америкалықтың анасын қорлауынан басталған. Алайда, Плант оның айтқаны өтірік екенін, жекпе-жектің нақты себебі басқада екенін айтты.

- "Біз жай ғана көз арбасу сәтінде болғанбыз. Кенеттен күтпеген жағдай болды. Бірақ мен бұл туралы ойламаймын, мен бар назарымды 6 қарашаға  аударамын. Менің анамды екі жыл бұрын полиция қызметкері атып өлтірген. Осылай бола тұра мен қалай біреудің анасына тіл тигізе аламын? Мен біреуден: "Ақымақ, сенің анаңды полиция қызметкерлері өлтірген жоқ па? деген сөзді естімес үшін мен ешкімнің анасына тиіспеймін. Сіздер менің біреудің анасы, балалары немесе әйелі туралы жаман сөйлегенімді ешқашан естімейсіздер. Ер адамдар соғысқа кеткенде әйелдері мен балаларын үйде қалдырады. Қандай жағдайда да айтылғандарға сенбеңіздер. Шындық мынада, ол катушкадан ұшып кетті, өйткені ол өзінен қорықпайтын және онымен тек чек үшін рингке шықпайтын адамды кездестірді. Оның мені осыны мойындай алмай тұр", - деп жазды Плант Твиттерде.

Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді
Өткен тәулікте 2 693 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу