«Роза қате айтқан шығар» - белгілі айтыскер ақын (видео)
Белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев Роза Рымбаеваның Иманбек туралы айтқан пікіріне өз ойын білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.
- Біз өкінішке орай қазақтың алқыға, талқыға салатын бүгінгі қазақтың ой ы тым ұсақталып кетті. Оның белгілі бірнеше себептері бар. Мына бүгінгі таңдағы біздің телеарналардағы саны бар, сапасы жоқ. Адамды жеңіл ойлануға, жеңілдікке қарай жетелейтін жын жыбыр бағдарламалардың көбісі осындай адамды жеңіл ойлауға қарай итермелейді. Сондықтан мен ойлаймын, ол Розаның қателесіп болса да айта салған сөзінен қоғамдық үлкен резонанс тудырып, осындай бір талқыға салатын нәрсе ма осы? Сондықтан бүгінгі қазақтың талқыға саламын десе ортаға саоып, талқылайтын мәселесі көп. Сондықтан да шөпті де, шөңгені де ауызға алмайтын ұсақ нәрселермен үлкен дау туғызуға болмайды деп есептеймін. Сондықтан біз эстрада әншілерінен болсын, өнер адамдарының болсын сондай бір кішкентай, биттің қабығындай ғана айтуға тұрмайтын мәселеден дәу қылып мәселе туғызамыз. Сондықтан, Розаны жерден алып, жерге салғанда қате айтқан шығар. Бірақ, өз уақытымды соған бөлмес едім. Мен соын әлеуметтік желіден оқыған да жоқпын, сырттан естігенім бар бір кісіден. Бірақ, соны естігеннен кейін ананы қарап, талқылап, ой жүгіртіп, оған уақыт бөлгім келмейді - деді айтыскер.