«Жезөкше 2» фильмі жарыққа шығады - режиссер Серік таласов
Танымал режиссер Серік Таласов қоғамда дау тудырған "Жезөкше" фильмінің жалғасын шығарады. Бұл туралы ол Рейтинг газетіне берген сұхбатында айтты.
– Бастапқыда «Жезөкше» аталған бейнероликтің айналасында дау туындағаны рас. Тым ашық киінген қызға ер адамдар жақсы көзқараспен қарамайды. Өнер, эстетика деп оны жоққа шығарғанға келмейді. Мен «қарындасым, өзің туралы арзан пікір қалыптастыруға жол берме» деген ойды жеткізгім келді. Мен алдағы уақытта «Жезөкше 2» туындысын жарыққа шығарғым келеді. Сценарийі дайын.
Кім не кисе де өзі біледі. Иә, дұрыс. Алайда қоғамдық тәртіпті сақтау керек. XXI ғасырда осылай киінсе, келесі кезеңде жалаңаш жүре ме? Қоғамда ашық киімнің норма ретінде қаралуын құптамаймын. Мен ешкімге паранжа, хиджап кию туралы насихаттамағанмын. Мен тобықтан келтіріп киінсін демеймін. Тізеден төмен, көкірегі ашық болмайтындай киінсе. Қоғамдық киім деген түсінік бар. Мысалы тойға әркім өзінің ұнатқанын кисе, имамды шақырамыз. Сол жерге имам сәлде оранып, шорты киіп келсе, біртүрлі қарайсыз ғой. Осы іспетті бұты жылтырамай, ішкиімі көрінбей жүрген дұрыс шығар. «Жезөкше» фильміндегі көлік өзіме тиеслі. Менің қатем де осы көлікпен байланысты. Жалпы иномарка автоколігіне отырсаңыз, көлік сағатына 20 км жылдамдықпен қозғалып бастағаннан есік автоматты түрде құлыптанады. Бір қызыл кнопканы басса, көлік ашылады. Сыншылар көліктің құлттанғанын сынады. Менің қателігім – осы.
«Жезөкше 2» одан да ашық киінген кейіпкермен өрбиді. Сынды көтеремін. Бірінші кезде «Аһ, сол қателігім-ай» деген кезім болды. Бір кісілер екі сөйлегенде сындым. Барлық адам шүйлігіп кеткені оңай болмады. Қолдау көрсеткен адамдардың арқасында қалыпқа келдім, - деді режиссер
Еске сала кетейік, өткен жылы Серік Таласов "Жезөкше" фильмін түсірген болатын. Дегенмен қоғам бұл фильмді дұрыс қабылдамады. Олар "қыз құқығын таптады" деп режиссерге шүйлікті. Артынша фильмді түсіруге қатысқандар баспасөз мәслихатын өткізіп, жұрттан кешірім сұраған болатын.