Трансвестит Ая қайтадан еркек болуға көнді (видео)

Oinet.kz 24-08-2021 1698

Желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс трансвестит Аямен ұзақ уақыт дауласып жүріп, оны бұрынғы өміріне оралтты. Ая жігіт қалпына келіп, қызтеке өмірімен қоштасты. 

Screenshot_4.jpgБұл туралы “Өзге Қазақстан” бағдарламасында айтылды. 

Өзін Ая деп таныстырған трансвестит бұған дейін телеарналарға келіп, өмірбаянын айтқан еді. Желі арқылы көпшілікке таныла бастады. Отбасынан зәбір көрген соң азғындық жолға түскенін мойындады. Жақын ағайын-туысымен араласпай келді. Өз ортасы бар еді.

Ал жақын күндері желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніспен ұзақ сөйлесті. Диалог соңында үлкен қадамға барды. Жігіттің киімін киіп, бетіндегі бояуын сүртті. Өзін Нұрбақыт деп таныстырып, қызтеке ғұмырымен қоштасты. 

“Мен 2020 жылдың 5 тамызынды қыз болып киіндім. Аяның образын жасадым. Бір жыл жақсы роль сомдадым. Ол менің ойымнан туған кейіпкер. Мен өзімнің әрекетімнен әлі күнге дейін жиіркенемін. Мүмкін бала болдым, мүмкін жас болдым, ортама еліктедім. Еліктеушіліктен туған шығар. Бірақ мен үшін бұл өте ауыр болды. Мен өзімді алдап келдім. Таңертең оянғаннан, түнгі ұйқыға жатқанша арпалыстым. Өзімнен жиіркеніп келдім. Ақырында жігіт болғым келді. Қайта өміріме, нағыз өміріме оралғым келді. Тура бір жыл өтті. Бұл мүмкін сәйкестік шығар”, – деді Нұрбақыт. 

Өзін енді Нұрбақытпын деп таныстырған ол енді жігітше өмір сүрмек. Оқуын жалғастырып, жұмысқа тұрғысы келеді. Бастысы қоғам қабылдаса екен дейді. 

“Мен Ая деп қабылдаған қоғам, Нұрбақытты да қабылдайды. Басқа амалы жоқ. Себебі бұл шынайы образ. Мен егер бұған дайын болмасам, жігіттің киімін кимес едім. Бояуымды сүртпес едім. Мен өлімнен қорықпайтын адаммын. Мен ешкімнің сөзінен қорықпаймын. Маған аздаған уақыт керек”, – деді ол. 

"Қайтқым келеді, барсам елге болмай ма?" Ая есімді қазақстандық трансгендер туыстарынан кешірім сұрады

Ал желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс Нұрбақыттың қадамын үлкен шешім деп атады. Оны саналы адам қолдайды деп сендірді. 

“Нұрбақыт жетім өскен бала. Жетім бала әркімнен мейірім күтеді. Мейірім күтіп тұрады. Көшедегі мысықтан да мейірім іздейді. Ал өзіне жасалған зомбылықтан ауыр соққы алған. Сосын азғындық жолға түскен. Мұны кекшілдіктен жасаған. Кек алудың, ерегесудің түкке керегі жоқ. Тек ондай жауыздарды Аллаға тапсыру керек. Алладан асқан құдірет жоқ. Мейірім іздеген бала адасты. Еліктеді. Солай жеңбек болды. Бірақ оның дұрыс емес екенін түсінді. Намысы болған соң кері қайтты. Ақылы болған соң түзелді. Басқалар одан үлгі алса деймін. Өзі секілді осы жолда жүргендер керісінше Нұрбақыттан үйренсін. Біреудің сөзін елеудің керегі жоқ. Ел көре алмаған соң айтады. Менің бір ұлым бар еді. Енді екеу болды. Жанашырым бар деп ойла. Әрдайым қолдап жүремін. Оқуға түсерімін. Жұмыс істейсің. Әйел аласың. Бәрінде қасыңда боламын. Бастысы дұрыс жолда жүр. Ойыңнан айныма. Ақылы бар адам сені түсінеді, қолдайды. Қоғамға сіңіп кетуге көмектеседі”, – деді Гүлбахрам Жүніс. 

Айта кетейік, бұған дейін көпшілік алдына шыққан қызтеке жігіт өзінің өмірлік көзқарасы өзгеріп, қызға айналғанын мойындаған еді. Бұған бала күнінде көрген зорлығы себеп болған деді. 

Еліміздің дамуына өз үлесіңді қос
Басында несиесі бар келін түсіріп басыма бәле тілеп алдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу