Серік Сәпиев жеңіліп қалған Абылайхан Жүсіповке ренжігенін айтты

Oinet.kz 27-07-2021 8917

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев боксшы Абылайхан Жүсіповтің Токио олимпиадасында алғашқы кездесуде неліктен жеңілгеніне қатысты түсінік берді. 

Screenshot_15.jpg

Бұл туралы Sports.kz жазды.

- Жүсіпов бар күшін кейінге сақтап қалуға тырысқандай әсер қалдырды, ол бар қарым-қабілетін көрсетпеді. Әрине, мен ренжулімін. Төрешілердің дауысын алу үшін ештеңе істемеді. Иә, жекпе-жек теңдей болды, кейбір сәтте Абылайхан қарсыласынан басым болғандай еді. Алайда қазылар алқасы басқаша санады. Абылайханның бұдан да жақсы жұдырықтасуға мүмкіндігі бар, бірақ... Кездесуде ол қолмен дұрыс жұмыс істемеді, оның тарапынан белсенділік аз болды. Жеңіске жету үшін сенімдірек жұдырықтасу керек еді, - деді Сәпиев.

Айта кетсек, отандасымыз Токиодағы алғашқы кездесуін 27 шілде күні америкалық боксшы Деланта Джонсонға қарсы өткізді. Төрешілердің шешімімен жеңіс америкеалық боксшыға бұйырды.

Вакцинациямен күрестіп жүрген Имашев әнші Беспаевқа өтініш жасады
13 жасар өгей қызын айуандықпен өлтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу