Жаңаөзенде аштық жарияламақ болған жұмысшыларының талаптары орындалды

Oinet.kz 08-07-2021 2708

Жаңаөзенде күннің аптап ыстығында үйлеріне түнеместен алты күн бойы ереуілдеткен "Кезби" компаниясы жұмысшыларының 12 талабы орындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Мұнайшылар мәселені қараған комиссия шешіміне көңілдері толатынын хабарлады. Айта кетейік, ереуілшілер 30 маусымнан бастап наразылық білдіріп, жалақыларын көтеруді талап еткен болатын. Тіпті басшылыққа қойылған бірнеше талабы орындалмаса, 10-шілдеден бастап аштық жариялатынын айтқан еді. 

Маңғыстау облыстық кәсіподақтар федерациясының хабарлауынша, жалақыны арттыру, сыйақы төлемдерін істейтін қызметіне қарай 15-35 пайыз аралығында арттыру, зиянды жағдайлар үшін ақы төлеуді қамтамасыз ету, қызметкерлерді стандартқа сәйкес жабдықтармен қамтамасыз ету, жыл соңында 13-ші жалақы төлеуді қайта қарау, еңбек демалысы кезіндегі сауықтыру төлемдерін 50 Айлық есептік көрсеткіш көлемінде қамтамасыз ету мәселесін қарау, мұнайшылар күні мен Тәуелсіздік күніне 30 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төлеу. Сонымен қоса, қызметкерлерді еңбек өтілі бойынша бөлу туралы ереже әзірлеу, бригада шеберлерінің өндіріс басында тұру тәжірибесін тоқтату, бұрғылаушы көмекшісіне қосымша штаттық бірлік енгізу және соңғы екі жылда жұмсалған қаражатты есептеу сынды талаптары орындалмақ.

Жанар Айжанованың қызы өзін тастап кеткен күйеуін кешіргенін айтты
«Түк шықпады» - Біртановтың адвокаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу