Жанар Айжанованың қызы өзін тастап кеткен күйеуін кешіргенін айтты
Отандық танымал әнші, актриса Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова экс-күйеуі Қыран Талапбекті кешіргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Өткен жылы Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекова шаңырақ көтерген болатын. Бірақ дәм-тұздары жарасай айрылысып кеткен еді. Айжұлдыз Адайбекова енесіне ұнамай қалғанын, сол себепті де Қыран оны үйінің алдына жылатып тастап кеткенін айтан болатын.
"Соңында айтарым: Мен оны кешіргенмін. Оған тек сәттілік тілеймін. Әрине көп хайп болды. Бірақ менде оған деген ешқандай негатив қалмады. Қазақтың баласы! Аман болсын. Бұл өмір. Сіздерден оны қолдауды сұраймын, - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Қазір Айжұлдыз Қыранның екеуінің баласы Назарды жалғыз тәрбиелеп отыр.