Үшем босанған 6 баланың анасы ұлдарына ерекше есім қойды

Oinet.kz 07-07-2021 3586

Түркістандық дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды. Жыл басынан бері өңірде алтыншы үшем дүниеге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелер Түркістан қаласында орналасқан № 3 Облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келді. Үш ұл баланы 39 жастағы Дилхумар Юсупова ота арқылы босанған. Дәрігерлер туғанда салмағы небәрі 1,7 келі (1700 грамм, бойы - 40 см, 1700 грамм, бойы - 39 см, 1970 грамм - бойы 42 см) болған үш ұлды 13 күн бойы күтіп, жетілдірген. Мерзімінен ерте туылған үшем перзентхана дәрігерлерінің бақылауына алынған. 

Screenshot_1.jpg

Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, жағдайы жақсарған. Түркістандық дәрігерлердің біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды. Мамандардың сөзінше, қазір олардың өміріне төнетін еш қауіп жоқ. Нәрестелерге жақындары Хасан, Хусан мен Мухаммад есімдерін берген. 

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының  төрт қызы мен екі ұлы бар. 39 жастағы келіншек 9 баланың анасы атанды. Көпбалалы ана үй шаруасында, ал отағасы қарапайым жұмысшы. Былтыр № 3 ОПО-да орталығында 10 мыңға жуық сәби дүниге келді. Жыл басынан бері мұнда 6 мың нәресте дүниеге келген. Орталық дәрігерлері жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бағаны экобазар реттейді
Әли Оқапов алғаш рет анасы Роза Рымбаеваға қарсы шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу